27.07.2020, 23:22 8015

Карантин жағдайында Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскери оқу орындарына талапкерлерді қашықтықтан қабылдау туралы шешім қабылданды.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Карантин жағдайында Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскери оқу орындарына талапкерлерді қашықтықтан қабылдау туралы шешім қабылданды.

Әскери институтқа түсу үшін 27 шілде мен 11 тамызда, Кадет корпусына қабылдану үшін 1 және 20 тамыз аралығында қабылдау комиссиялары талапкерлердің ҰБТ-ны тапсыру, психологиялық тестілеу нәтижелері және жергілікті әскери басқару органдарының медициналық комиссияларының қорытындылары, сондай-ақ білім туралы құжатта көрсетілген дене шынықтыру даярлығы бойынша бағалар бойынша жасалған жиынтық рейтингтік кесте негізінде кандидаттарды қабылдайды.

Сонымен қатар, "Жас ұлан" республикалық мектебіне қабылдау математика, оқыту тілі және дене шынықтыру бойынша негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлікте көрсетілген бағалар, ата-аналар берген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама негізінде 2020 жылдың 3-7 тамыз аралығында түсушілердің қатысуынсыз өтеді.

Жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру комиссияларымен талапкерлерді медициналық куәландыру, кәсіби-психологиялық тестілеу, оқу орындарына құжаттарды жинау және ұсыну ұйымдастырылды.

Іріктеу аяқталғаны, қабылдау комиссиясының шешімдері және іріктелген кандидаттардың келу мерзімдері туралы ақпаратты көрсетілген сайттарда танысуға болады:

- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты - viires.kz

- Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты - visvo.mil.kz

- Құрлық әскерлерінің Әскери институты - по номерам телефонов: 8 (727) 290-16-09, 8 (727) 290-16-41

- Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының байланыс нөмірі:

8 (71636) 4-15-20, 8-776-171-09-79, 8-700-983-25-99, 8-747-354-14-13.

- "Жас ұлан" РМ Нұр-Сұлтан қ. - zhasulan.mil.kz

- "Жас Ұлан" РМ Алматы қ. - 8 (7273) 09-73-53, 8-778-421-75-12.

- "Жас Ұлан" РМ Шымкент қ. - miled.kz

- "Жас ұлан" РМ Қарағанды қ. - zhasulan-krg.kz

Іріктеуден сәтті өткен талапкерлер оқу орнына келер алдында CОVID-19-ға тест тапсырып, нәтижелерін көрсетуі қажет. Карантиндік шараларға сәйкес олар екі апта бойы оқшаулауда болады. COVID-19-ға тапсырған тестте оң нәтиже шыққан талапкерлер қайта толық сауыққаннан кейін қайта тапсырылған медициналық тест нәтижелері болған жағдайда оқу орнына келе алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны