24.09.2009, 18:56 2493

Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Имірліктерінің энергетика министрі шейх Мұхаммед Бин Загин Ил - Хамилимен кездесті

Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Имірліктерінің энергетика министрі шейх Мұхаммед Бин Загин Ил - Хамилимен кездесті

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Біріккен Араб Имірліктерінің энергетика министрі шейх Мұхаммед Бин Загин Ил - Хамилимен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың болашақтағы бағыт-бағдары туралы әңгіме өрбіді.

Шейх М.Ил-Хамили Қазақстанға Абу-Даби әмірлігінің Маздар қаласының кандидатурасын биыл құрылған баламалы энергетика жөніндегі Халықаралық агенттіктің штаб - пәтерін (IRENA - The International Renewable Energy Agency) орналастыруға қолдау білдіргені үшін алғысын айтты.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы өзара сауда - экономикалық қарым - қатынастарды әрі қарай дамытудағы екі елдің ұмтылысын нақтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны