12.10.2009, 18:30 3266

"Қару - 2009" жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында 6 мыңнан астам қару сақтау, алып жүру және пайдалану ережесін бұзу оқиғалары анықталды

"Қару - 2009" жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында 6 мыңнан астам қару сақтау, алып жүру және пайдалану ережесін бұзу оқиғалары анықталды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today -"Қару - 2009" жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында 6 мыңнан астам қару сақтау, алып жүру және пайдалану ережесін бұзу оқиғалары анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 - 11 қазаны аралығында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың жолын кесу және алдын алу мақсатында ішкі істер органдары республика аумағында "Қару - 2009" жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізді.

Оның негізгі мақсаты сақталатын қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, азаматтардың тіркелген азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану ережесін сақтауын тексеру болып табылады.

Іс-шара барысында 121 мыңнан астам атыс қаруының жеке иелері тексерілді, бұл ретте 6 мыңнан астам оны сақтау, алып жүру және пайдалану ережесін бұзу анықталды.

Аңшылық және балық аулау шаруашылығы аумағында 3519 аңшы тексерілді, олардан аң аулау ережесін бұзғаны үшін 257 бірлік қару тәркіленді.

Қару айналымы саласында 6352 әкімшілік құқық бұзушылық және 244 аң аулау ережесін бұзушылық анықталды, онда 5692 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 660 материал сотқа жолданды. Осы тәртіп бұзушылық бойынша жеке қару иелерінен 5548 бірлік тіркелген азаматтық қару алынды.

Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Боровской ауылының жанында заңсыз аң аулағаны үшін бір азамат ұсталып, ІІО-да тіркелмеген нөмірі өшірілген 7,62 калибрлі "Мосина" ойық карабин жүйесі тәркіленді.

"Іс-шара кезінде 873 бірлік заңсыз сақталатын қару (ІІО-да тіркелмеген) тәркіленді, онда 43 бірлік иір ойықты, оның ішінде: 30 винтовка, 1 шолақ ұңғылы қару, 3 тапанша, 10 бірлік газды қару, 36 бірлік қолдан жасалған, 654 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның 113 шолақ ұңғылы, 65 газды, 64 жарақат салатын қару, ойық қарудың 1557 дана патроны, 6 жарғыш құрылғы, олардаң 2 граната.

Мысалы, Орал қаласында үш азамат ұсталып, олардан ІІО-да тіркелмеген 7,62 мм калибрі "Наган" револьвері, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ аңшылық мылтық, "ОСА" жарақат салатын тапанша табылып, тәркіленді",- делінген хабарламада.

ІІМ ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Тасқала кентінде Ресей Федерациясының азаматы С ұсталып, ІІО-да тіркелмеген "Стражник" жарақат салатын тапаншасы тәркіленді. Ал Алматы облысы Ұзынағаш ауылында азамат К ұсталып, тексеру кезінде одан "РГД-5" жауынгерлік гранатасы табылып, тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны