13.01.2010, 15:03 3343

Қаржы полициясы ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына қатысты қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаева қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Статистика агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Қазір айыпталушылар мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осы қылмыстық істі тексеру барысында санақ құралдарын сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлауға ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваның қатысы бар екендігі анықталды. Мешінбаеваға қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай әзірге басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Статистика агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржанов 2009 жылғы халық санағы барысында бөлінген бюджет қаржысын ұралы деген айып тағылып отыр.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім еткендей, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізуге мемлекет 1 млрд 144 млн теңге бөлген.

"Аталған бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өткізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижелерінде келесі мән-жайлар анықталды. Статистика агентігінің лауазымды тұлғалары мемлекетпен қарастырылып бөлінген қаражатты алдын-ала асырып көрсеткен, тіпті, кейін оны ысырап еткен",- деді М.Жұманбай.

Қаржы полициясының мәліметінше, Ұлттық халық санағы шын мәнінде 379 млн теңгеге өткізілгені, ал қаражаттың 764 млн 800 мың теңге мөлшеріндегі бөлігі лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың басшыларымен ысырап етілгені тергеумен анықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны