08.04.2009, 16:55 3141

Қаржы полициясы үлескерлердің мүддесіне орай тұтқындалған мүліктің сақталуын қамтамасыз ете алмайды

Қаржы полициясы үлескерлердің мүддесіне орай тұтқындалған мүліктің сақталуын қамтамасыз ете алмайды

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы үлескерлердің мүддесіне орай тұтқындалған мүліктің сақталуын қамтамасыз ете алмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Штаттағы қызметкерлердің саны шектеулі болуға байланысты біз үлескерлердің мүддесіне орай тұтқындалған барлық мүліктің сақталуын қамтамасыз ете алмаймыз. Ол шала салынған үйлер, автокөліктер болуы мүмкін. Ирине, ол банктегі есепшот болса, сақтау оңай, ол тұтқындалады да, сақтауда болады. Ал тұтқындалған тұрғын үй үшінші бір тұлғалар тарапынан тоналуы әбден мүмкін", - деді М. Жұманбай.

"Біз өз мүмкіндіктерімізге сай бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз", - деді ол.

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, тек өткен жылы алданған үлескерлердің шеккен шығындарының көлемі 38,2 млрд теңгені құрады, оның 5,4 млрд көлемі өтелді, 32,7 млрд теңгенің мүлкі тұтқындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны