25.04.2008, 13:42 4160

Қаржы полициясының басшысы Күлекеев өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады деген ақпаратты жоққа шығарды

Қаржы полициясының басшысы Күлекеев өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады деген ақпаратты жоққа шығарды

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев пара алды деп айыпталған "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы полициясында өзіне қарасты тергеу абақтысы жоқ, сол себепті Күлекеев ІІМ-нің тергеу абақтысында отыр. Ондағылардың айтуынша, өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау оқиғасы болған жоқ", -деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында С. Қалмырзаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев бір мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді бір компанияның пайдасына шешу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оны қаржы полициясының қызметкерлері 1 сәуірде ұстаған. Қазір тергеу жүргізілуде. Қаржы полициясы тергеуді аяқтап, мамырдың аяғында істі сотқа жолдамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны