21.02.2007, 16:37 3189

Қаржы полициясының басшысы салық қызметтері заңдардың кемшілігін пайдаланып сыбайлас жемқорлық қылмыстарға барады деп санайды

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Қазіргі қолданыстағы салық кодексіде кемшіліктер болуға байланысты салықшыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстарға баруға мүмкіндік береді. ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте осындай пікір білдірді, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

"Салық мамандары кезінде кодексті өздеріне арнап шығарған, өзін -өзі тексеріп, өздері жазалайды",- деп мәлімдеді С.Қалмырзаев.

"Қазір салық төлеуші шағымдану үшін алдымен облыстық салық комитетіне, егер ол жерден қолдау таппаса, сосын республикалық комитетке, тек содан кейін барып қана сотқа шағым түсіре алады",- деді ол.

"Сонымен бірге олар құрған схема бойынша ең ірі 100 кәсіпорынның іс-қызметіне мониторинг жүргізу құқығына тек салық комитеті ғана ие, олардан басқа ешкімнің тексеру құқығы жоқ",- деді агенттік төрағасы. "Менің пайымдауымша, мұндай артықшылық тек салық қызметкерлеріне ғана берілуге тиіс емес. Тексеру құқығын есеп комитетіне де беру керек",- деді ол.

"Сонымен бірге консалтингтік фирма құрып, салық төлеушілерге Қосалқы құн салығын қайтару мәселесі бойынша қызмет көрсетеді. Ол үшін әлгілер заңды негізде 10 процент пұл табады. Салық комитетінің бір лауазым иесі соның арқасында былтыр тек 4 кәсіпорын бойынша 3,5 млрд теңге тапқан. Міне, бизнес қайда жатыр",- деді С.Қалмырзаев.

"Басқаша айтқанда заң мен басқа да нормативтік актілердегі кемшіліктерді үлкен шеберлікпен әжетке жаратуда",- деді бас қаржы полицейі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны