26.06.2009, 12:03 2058

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы жарлығында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жарлық мәтініне сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру мен үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы процестерін үйлестіру және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында мыналарды қайта ұйымдастыру қаулы етілген:

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі: Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұрғын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Агенттікті бөліп шығару жолымен; оның кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бере отырып;

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның: ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып;

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оның ЖЭО және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары орнатылған қазандықтардан басқа, электрмен жабдықтау (0,4 кВт электр желілік объектілер), жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары агенттікке беріледі.

Сондай-ақ, президент жарлығына сәйкес, агенттікке елді мекендер шегінде тұтынушыларды газбен жабдықтау салаларындағы және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функция; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлеу жөніндегі функция берілсін.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының үкіметіне ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін оның функцияларын құрылатын агенттікке бере отырып тарату тапсырылды;

Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етуге тиіс; Осы жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдау да үкіметке жүктелді.

Жарлыққа сәйкес, агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Сонымен бірге, құжатта атап көрсетігендей, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".

Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны