04.11.2010, 15:46 3772

Каспийде браконьерлерді ұстау барысында атыс болып, Дағыстанның екі азаматы мерт болды

Каспийдің солтүстігінде теңіздің Қазақстанға қарасты аумағында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулап жүрген Дағыстан азаматтары ұсталды. Браконьерлерді ұстау барысында олар қарсылық танытқан. Соның салдарынан екі жақтың арасында атыс болып, олардың екеуі мерт болған. Бұл туралы Атырау облысының арнайы табиғатты қорғау прокуроры Аршат Тайтуллин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 4 - қараша. Kazakhstan Today - Каспийдің солтүстігінде теңіздің Қазақстанға қарасты аумағында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулап жүрген Дағыстан азаматтары ұсталды. Браконьерлерді ұстау барысында олар қарсылық танытқан. Соның салдарынан екі жақтың арасында атыс болып, олардың екеуі мерт болған. Бұл туралы Атырау облысының арнайы табиғатты қорғау прокуроры Аршат Тайтуллин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймағында браконьерлердің балық аулайтындығы туралы ақпаратты ертеректе қолға түскен Дағыстанның азамат айтқан.

"Атырау облыстық прокуратурасының жанынан құрамында су, балық қорғау полициясының қызметкерлері кірген жедел топ құрылған. 3 қараша күні кешке теңізде балық аулап жүрген төрт қайық көзге түскен. Оларды ұстау барысында браконьерлер қарсылық танытып, оқ атқан. Атыс кезінде Дағыстанның екі азаматы оққа ұшты. Қолға түскен 11 азамат Атырауға жеткізіледі", - деді А.Тайтуллин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны