16.09.2009, 17:41 3972

Қатал заңдар, қуатты саяси жігер мен қоғамның парақорлыққа төзбестігі болғанда ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге болады - Қазақстан президенті

Қатал заңдар, қуатты саяси жігер мен қоғамның парақорлыққа төзбестігі болғанда ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге болады - Қазақстан президенті

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қатал заңдар, қуатты саяси жігер мен қоғамның парақорлыққа төзбестігі болғанда ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруге болады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының алғышарты - сыбайлас жемқорлықпен күрес және лайықты басқару" атты халықаралық конференцияда пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, үш шартты орындаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа лайықты қарсы тұруға болады", - деді Н. Назарбаев.

"Біріншіден, қатал әрі әділетті заңдар қажет. Бұл бағытта біз бұдан былай да өзіміздің құқықтық базамызды, соның ішінде әлемдегі өзге елдердің бай тәжірибесіне арқа сүйей отырып, жетілдіретін боламыз. Біз өзіміздің тәсілдерімізді бөлісуге, әлемнің өзге елдерінің жемқорлықпен күрестегі табысты тәжірибесін зерттеуге және қолдануға дайынбыз",- деді президент. Осы орайда ол : "Және біз заңнамада жемқорлар үшін бірде бір мүмкіндік қалмауы үшін барлығын жасайтын боламыз".

"Екіншіден, қуатты саяси ерік-жігер керек... Үшіншіден, қоғам бір жұдырық болып жұмылып, сыбайлас жемқорлыққа жаппай төзімсіздік танытуы қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны