25.01.2017, 20:12 5155

Катар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды

Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оныӊ 5-і араб мемлекеттері.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 көрмесініӊ ұйымдастырушылар кеӊсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Катар мемлекетініӊ ұлттық секциясыныӊ Комиссары Ахмед Али Аль-Тамимимен кездесті. Басқосу барысында көрмеге қатысу келісімшартына қол қойылды.

Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания, көрменіӊ мемлекеттік қатысушыларына павильондарын тапсыру жұмыстарыныӊ қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таӊда халықаралық қатысушыларға 13 павильон тапсырылды. Олардыӊ қатарында БАИ мен Иордания сынды мемлекеттер павильондарыныӊ ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетініӊ өкілетті елшісі әрі көрме Комиссары өз павильондарын көріп, атқарылған жұмыс сапасына ризашылығын білдірді.

"Біз соӊғы кездері жоғарғы деӊгейлі көптеген іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да өз экспозицияларымыз үшін қол жүлдегер атандық. Сондықтан көрме қонақтарын мейлінше таӊ қалдырамыз деген үміттеміз. Катар павильон үздіктердіӊ қатарында болары анық. Ал, Катар мемлекетініӊ ұлттық күні өткізілгенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады" - деді Ахмед Али Аль-Тамими.

Айта кету керек, Миланда өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінде катарлық павильонға 2 миллионнан астам адам келген. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Катарлық павильонныӊ ауданы 457 шаршы метр, әрі ол БАИ, Франция, Румыния және Словакиямен көршілес болады.

Басқосу нәтижесінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Катар мемлекетініӊ қатысу келісімшартына қол қойылды. Дәл осы күні Изірбайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды.

Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оныӊ 5-і араб мемлекеттері.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны