16.01.2015, 20:13 4510

"ҚазАгро" 2015 жылғы егін науқанын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ /Азық-түлік корпорациясы/ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жолымен астықты форвардтық сатып алуға өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыра бастады.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі республиканыӊ ауыл шаруашылығы тауар өгндірушілерінен 2015 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталағаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бюджеттік несие қаражаты есебінен өтінімдерді қабылдау және агротехникалық шараларды қаржыландыру Ұлттық холдингтіӊ еншілес компанияларыныӊ аймақтық құрылымдары жүзеге асырады - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және Аграрлық несие корпорациясы және бағдарлама серіктестері - екінші деӊгейлі банктер. Агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд.теӊге көлемінде бюджеттік несие берілді.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ /Азық-түлік корпорациясы/ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жолымен астықты форвардтық сатып алуға өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыра бастады.

Аталған бағдарламаныӊ қатысушылар тізімін облыс әкімшіліктері жанындағы облыстық Үйлестіру кеӊестері құрады.

"Аграрлық несие копрорациясы" АҚ /АНК/ егін егу және астық жинау бойынша жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасыныӊ запастық бөлшектері мен жөндеу жұмыстарын, минералдық тыӊайтқыш, өсімідіктерді сақтау құралдары мен басқа ресурстарды қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдайды.

Мүдделі потенциалды қарызгерлер толық ақпаратты "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ныӊ www.agrocredit.kz корпоративтік сайтынан, сонымен қатар Копрорацияныӊ Орталық аппараты мен барлық аймақтық филиалдарыныӊ кеӊселерінен қағаз және электрондық түрде алуға мүмкіндіктері бар.

АНК мен Азық-түлік корпорациясыныӊ бюджеттік қаражатынан басқа ағымдағы жылдыӊ көктемгі егіс жұмыстарын "Егінжай" бағдарламасы шеӊберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Бұл шараларға компания 1 960 млн.теӊге бөлуді жоспарлауда.

"Егінжай" бағдарламасы бойынша несие алу үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ныӊ облыстық филиалдарына қаржыландыру өтінімімен баруға болады, филиалдар облыстық орталықтарда, сонымен қатар Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны