15.07.2009, 16:36 2422

"ҚазАгро" мен оның еншілес компанияларына Ұлттық қор қаржысының жұмсалуын қадағалау үшін қарсы барлау қызметінің офицерлері жіберілді

"ҚазАгро" мен оның еншілес компанияларына Ұлттық қор қаржысының жұмсалуын қадағалау үшін қарсы барлау қызметінің офицерлері жіберілді

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"ҚазАгро" ҰК мен оның еншілес компанияларына Ұлттық қор қаржысының жұмсалуын қадағалау үшін қарсы барлау қызметінің офицерлері жіберілді. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК-нің экономикалық қауіпсіздік департаментінің төрағасы Өсер Мизанбаев сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі бойынша ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ө.Мизанбаевтың айтуынша, ҰҚК қызметкерлері бұл компанияларға Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында "ҚазАгро" мен оның еншілес компанияларына бөлінген қаржының жұмсалуын қадағалаушы кеңесшілер ретінде іссапармен жіберілді.

"Біз агроөнеркәсіптік кешен құрылымдарына өзіміздің ең таңдаулы қарсы барлау қызметінің он офицерін жібердік, олар экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау тәжірибесіне ие", - деді Ө. Мизанбаев.

Оның айтуынша, "қарсы барлау қызметінің қызметкерлері барлық құрылымдарға: "ҚазАгро", "Мал Өнімдері", Аграрлық несиелік корпорация, "ҚазАгроҚаржы" және "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына" жіберілген .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны