12.06.2015, 12:19 4546

Қазақ хандығыныӊ қалыптасуына әйелдердіӊ қосқан үлесін зерттеу тарихты жан-жақты ашуға мүмкіндік береді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Қазақ хандығыныӊ әйгілі әйелдері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова қатысқан шара Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналды

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Қазақ хандығыныӊ әйгілі әйелдері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова қатысқан шара Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік орган қызметкерлері, Қазақстандағы БҰҰДБ, ғалымдар мен сарапшылар, ЖОО өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Г.Ибдіқалықова Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұӊғыш ұлттық мемлекет болғанын айтып өтті. Ал, Қазақ хандығыныӊ тарихын зерттеу "Мәӊгілік ел" жалпыхалықтық идеясын дамытудағы маӊызы зор, сондай-ақ, Ұлт жоспары-100 нақты қадамында алатын орны ерекше.

"Тарихта қазақ әйелдері жігерлікпен, табандылықпен ерекшеленді. Осы орайда олардыӊ Қазақ хандығыныӊ қалыптасуына қосқан үлесін зерттеу өте орынды, бұл іс қазақ тарихын жан-жақты ашуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар ғылыми зерттеулерді өткізудіӊ маӊызын атап өтті. Тарих беттерінен жоғалып кеткен әйгілі әйелдердіӊ есімін қайта жаӊғырту керек. Осы орайда Қарашаш және Айғаным, Бопай ханым мен Бай Ана, Тойқара ханым сынды қазақ ұлтыныӊ азаматшалары аталды.

Айта кетерлігі, конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны