21.01.2014, 19:59 3867

"Қазақэнергиясараптама" АҚ атауы "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты" АҚ атауына өзгертілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне тиесілі "Қазақэнергиясараптама" АҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысады.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы №1294 қаулысына сәйкес "Қазақэнергиясараптама" АҚ атауы "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты" АҚ (Қазақэнергиясараптама) атауына өзгертілді,деп ИЖТМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Мекемені қайта құру "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" ҚР Заңында көзделген экономиканың барлық басқа салаларын тұрақты және экологиялық таза дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырылған экономиканың басым секторлары болып табылатын электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу салаларында бекітілген мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жүргізілді", - делінген хабарламада.

Жаңа атауда электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы Акционерлік қоғам қызметінің негізгі бағыттары белгіленген. Институт жоғарыда аталған салаларда тұрақты негізде жүйелі зерттеулерді жүзеге асыру, үздік халықаралық тәжірибеге және энергетикадағы озық әлемдік технологиялар трансферіне бейімдеуге көмектесу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтерді көрсету үшін құрылды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне тиесілі "Қазақэнергиясараптама" АҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны