30.12.2013, 17:12 2696

Қазақ-қырғыз шекарасында 4 центнер пиротехника өткізуге тырысқан контрабандашылар ұсталды

Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу авто" өткізу бекетінің бақылаушылары "Бішкек - Шымкент" бағытындағы "Неоплан" автобусын тоқтатуға мәжбүр болды. Автобусты тексеру кезінде оның салонындағы қуыс-қуысқа, запас дөңгелек қойылатын люктың астына тығылған жалпы салмағы 5 тонна болатын киім-кешек пен 4 центнер пириотехника табылды.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақ-қырғыз шекарасында контрабандашылар 5 тонна киім-кешек пен 4 центнер пиротехника өткізуге тырысқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу авто" өткізу бекетінің бақылаушылары 15 жолаушысы бар, 38 жастағы отандасымыз жүргізіп келе жатқан "Бішкек - Шымкент" бағытындағы "Неоплан" автобусын тоқтатуға мәжбүр болды.

Автобусты тексеру кезінде оның салонындағы қуыс-қуысқа, запас дөңгелек қойылатын люктың астына тығылған жалпы салмағы 5 тонна болатын киім-кешек пен 4 центнер пириотехника табылды.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін автобус ҚР ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөліміне әкелінді. Ұсталған материалдар тіркеліп, құқық қорғау органдары хабарландырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны