15.05.2009, 14:47 1369

Қазақстан 2015 жылы елдің құрылыс материалдарына деген сұранысының 80%-ын өз өндірісінің есебінен қамтамасыз етуге тиіс - Қазақстан президенті

Қазақстан 2015 жылы елдің құрылыс материалдарына деген сұранысының 80%-ын өз өндірісінің есебінен қамтамасыз етуге тиіс - Қазақстан президенті

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2015 жылы елдің құрылыс материалдарына деген сұранысының 80%-ын өз өндірісінің есебінен қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде біз құрылыс материалдарының 50%-дан астамын әлі де импорттап отырмыз, елдің құрылыс материалдарына деген сұранысын қамтамасыз ету үшін өз өндірістік базамызды дамытуымыз қажет", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, "әйнек, әрлеу материалдары, темірбетон және керамикалық бұйымдарды елдің өз ішінде өндіру қажет".

"2015 жылға таман Қазақстан сұраныстың 80%-ын отандық өндірістің есебінен қамтамасыз етуге тиіс. Құрылыс кешенінің жиынтық қосылған құны кем дегенде 70%-ға өсірілуге тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны