26.06.2014, 19:30 3194

"Қазақстан 2050" Қозғалысы 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды - М. Манкеев

"Бүгінгі таңда біз 9-ға жуық жобаны жүзеге асырдық. Ең тұңғыш жобамыз "Сәби жүрек". Жоба - жүрек мүкісімен туған балаларға арналған кітап. Қазақстанда қазақ тілінде шыққан бірде-бір кітап болмады, қазір барлық кардиология орталықтарында балалар мен аналарға арналған кітап тегін таратылуда", - деді ол.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. "Қазақстан 2050" Қозғалысы 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды, бұл туралы ОКҚ брифингінде "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі, Қазақстандық-финдік бизнес-хабтың жетекшісі Мұхтар Макеев мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда біз 9-ға жуық жобаны жүзеге асырдық. Ең тұңғыш жобамыз "Сәби жүрек". Жоба - жүрек мүкісімен туған балаларға арналған кітап. Қазақстанда қазақ тілінде шыққан бірде-бір кітап болмады, қазір барлық кардиология орталықтарында балалар мен аналарға арналған кітап тегін таратылуда", - деді ол.

Оның айтуынша, екінші жоба, "Біздің күш-қуатымыз - бақытты отбасында", ол мәдениет пен отбасы құндылықтарын назарға алады. Жалпы, жоба отбасылық құндылықтарды басымдыққа алып отыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың 28 маусымында Астанада "Қазақстан 2050"Жалпыұлттық қозғалысының 1-ші форумы болып өтеді. Оған 400 делегат қатыспақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны