14.12.2007, 18:43 3139

Қазақстан әлемдік экономиканың құлдырауына аса үлкен күш жұмсамай-ақ, төтеп бере алады - Назарбаев

Қазақстан әлемдік экономиканың құлдырауына аса үлкен күш жұмсамай-ақ, төтеп бере алады - Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Дұрыс экономикалық стратегияның арқасында және құрылған алтын қор резервінің Ұлттық қоры арқасында біз әлемдік экономикадаңы уақытша құлдырауларға ешбір күш жұмсамай -ақ, төтеп бере алатын жағдайымыз бар. Бұл туралы ел басшысы Республика тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінде біз аса үлкен мақтанышпен және зор сеніммен Қазақстанның 16 жылдық тәуелсіз дамуында әлемдік қоғамдастықтың жауапты, беделді әрі толлыққанды мүшесі болғанымызды айтуымызға болады. Біздің мемлекет кемелділіктің сынақтарын абыроймен өткізді. Ал ондай сынақтар осы жылдары аз болған жоқ", - деді Н. Назарбаев.

Президент атап өткеніндей, "КСРО ыдыраған соң, Қазақстанда көз көрмеген көлемді дағдарыс жүйесі орын алды. Біздерге бәсекелестікке қабілетсіз экономика, көнерген басқару жүйесі, имансыз мемлекеттік аппараты қалдырылды. Бұл біз үшін бірінші, ұзақ әрі ең ауыр дағдарыс болды, оны біз бастан кештік".

"Қазақстанда қарқынды, батыл әрі терең реформаларды жүргізу арқасында біз 1998 жылы болған азиялық қаржы дағдарысынан туындаған екінші қиын кезеңін бастан кешіп, одан да тез шығып, аяғымызға тұрдық. Біздер бұл сабақты жақсы игеріп алдық, сөйтіп әріқарай елдің қаржылық тұрақтылық мүмкіндігін ұдайы нығайтып, қаржыны қиын кезең үшін сақтап отырдық", - деп атап кетті мемлекет басшысы.

"Жалпы елдің алтынвалюта қоры мен оған Ұлттық қордағы қаржыны қосатын болсақ $40 млрд жуықтады. Біздер, мемлекеттік қаржының, жеке банк жүйесінің сыртқы сілкіністерге тұрақты болуына қолдан келгенінше бәрін жасадық, ол бекер болмады ", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Екі сынақты бастан өткерген соң , бүгінде біздің ел АҚШ -тың ипотекалық секторында туындаған ауыртпашылықтан әлем бойынша таралған жаңа дағдарысты сезінуде. Дефольт болған жағдайда, тіпті, батыста кейбір ірі қаржы институттарының таратылуына жол берілгенде, Қазақстанның банк жүйесі өзін тұрақты әрі тиімді қызмет жасап жатқандығын көрсетті ", - деді президент.

Оның сөздері бойынша, халықаралық қаржы нарығындағы кернеулік жағдай "қазақстан банктеріне сырттан қаржы тартуының тапшылығын тудырып отыр".

"Ел экономикасының қарқынды дамуы өндіріс пен тұтынудың өсуіне септігін тигізіп отыр. Бұл оның инвестициялық қажеттігін ұлғайтады. Осыған орай, менін тапсырмам бойынша, үкімет пен Ұлттық банк сыртқы конъюктураның беретін әсерін жіті сараптап, тиісті шараларды дайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны