18.12.2014, 17:03 3645

Қазақстан Искери-әуе күштері жаӊа әскери-көліктік ұшақ алды

Біздіӊ Қарулы Күштер үшін осындай сегіз әуе кемесі жеткізілетін болады.

Алматы. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы авиациялық базаға Қазақстан әскери-әуе күштері үшін төртінші С-295 ұшағы келіп қонды.

"Бұл ұшақ Қазақстан тарапы мен еуропалық "Airbus Military" авиациялық концернініӊ арсында бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес келіп отыр. Біздіӊ Қарулы Күштер үшін осындай сегіз әуе кемесі жеткізілетін болады", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Ұшақтыӊ ұшып келуі Испания - Грекия - Изербайжан - Қазақстан бағытымен үш кезеӊде жүзеге асты. Оны әуе кемесініӊ командирі майор Дмитрий Гроц, командирдіӊ көмекшісі майор Арман Жаникеев бастаған қазақстандық экипаж бен испаниялық экипаж жүзеге асырды.

Бұл тектес ұшақтар Қазақстанда 2012 жылғы желтоқсаннан бері пайдаланылып келеді. Бүгінде қазақстандық ұшқыштар мен техниктер оларды толықтай игерді. С-295 экипаждары Қазақстан аумағында және алыс шетелдерде өткен барлық оқу-жаттығуларға қатысып жүр. Пайдалануға берілген екі жыл ішінде С-295 біздіӊ табиғи-климаттық жағдайда өзін сенімді және күй талғамайтын ұшақ ретінде көрсетті.

Қазіргі таӊда Қарулы Күштердіӊ техникалық жарақтануы айтарлықтай артты. Қарулы Күштерді қазіргі заманғы авиациялық техникалармен жарақтандыру әскерлердіӊ ұтқырлығын арттырып, әскери-көліктік авиация паркін жаӊартуға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны