19.02.2016, 17:06 4328

Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары алғаш рет теӊіз үстінде ұшуларды пысықтады

Қазақстан ҚК Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары алғаш рет Су-27 жойғыштарында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Каспий теӊізініӊ бейтарап суларында оқу-жаттықтыру ұшуларына кірісті. Өзініӊ жағрафиялық орналасуына байланысты бұл абыройлы міндет Ақтау авиациялық базасына бұйырды

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан ҚК Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары алғаш рет Су-27 жойғыштарында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Каспий теӊізініӊ бейтарап суларында оқу-жаттықтыру ұшуларына кірісті. Өзініӊ жағрафиялық орналасуына байланысты бұл абыройлы міндет Ақтау авиациялық базасына бұйырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Теӊіз үстінде ұшу күрделі болып саналады. Кәдімгі дайындықтан басқа ұшу ауданын зерделеу, ауа райы жағдайын, штурмандық ұшу есептобын талдауды ұшқыштар қосымша іздестіру-құтқару корабльдері мен әуе кемелерініӊ орналасуын, олармен өзара әрекет жасау тәртібін, жағалық жарық және радиомаяктардыӊ жұмыс жасау режімдерін зерделеуі тиіс, деп хабарлады Қорғаныс министрлігіні? баспасөз қызметі.

Одан басқа, әскери қызметшілер әуе навигациясыныӊ радиотехникалық құралдарыныӊ бүтіндігін, жеке құтқару құралдарыныӊ болуын тексеруі тиіс еді.

Ұшулар бағдарсыз жерде өтуіне әрі көкжиектіӊ теӊізбен сарқылуына байланысты ұшқышқа түсетін психологиялық жүктеме анағұрлым күшейеді. Бұл қосымша моральдық-психологиялық дайындықты қажет етеді.

"Теӊіз үстінде ұшуға кірісе отырып, біз экипаждарымыздыӊ ұшу тұрғысындағы жаттықтырылу деӊгейін арттырамыз. Нәтижесінде бұл жалпы алғанда, әскери-әуе күштерініӊ жауынгерлік әзірлік деӊгейін арттырады, ал бұл дегеніміз бірінші кезектегі міндет", - деп ҚР ҚК ИҚК ИИК-ніӊ қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.

Ашық теӊіз (бейтарап сулар) - бұл қандай да бір мемлекеттіӊ аумақтық, архипелагты және ішкі суларынан тысқары орналасқан және халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына сәйкес еркін және теӊ құқықтық пайдалануда тұрған теӊіз кеӊістігі екенін айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны