21.09.2012, 11:49 2922

Қазақстан ауылдарында жұмыс істеуге 21 мыңнан астам жас маман аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Дипломмен ауылға!" ІІ республикалық форумы өтуде, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан ауылдарында жұмыс істеуге 21 мыңнан астам жас маман аттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында "Дипломмен ауылға!" ІІ республикалық форумы өтуде, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Дипломмен ауылға" ІІ республикалық форумы Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Тау самалы" жалғы лагерінде өтуде",- делінген ведомство хабарламасында.

Форумның пленарлық отырысында атап көрсетілгендей, "Дипломмен ауылға!" жобасы басталғалы бері 21 402 жас маман ауылға аттанған.

Оның ішінде, 15 930 адам немесе 75 пайыз - педагогтар болса, 4 345 адам - денсаулық сақтау, 653 - мәдениет, 195 - әлеуметтік қамтамасыз ету, 227 - спорт, 52 - ветеринария салаларының мамандары.

Форум жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктердің өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, барлығы 200 адам қатысты.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданып, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жастар ұйымдарына жобаны әрі қарай дамыту туралы ұсыныс жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев көтерген "Дипломмен ауылға!" қоғамдық жобасының мақсаты селолық округтердегі денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласының кадрларына деген жетіспеушілікті жою болып табылады. Жас мамандарға демеуқаржылар, басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Алдағы үш жылда ауылға тағы 16 мыңнан астам жас маман аттанады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны