22.01.2008, 17:48 2988

Қазақстан басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін реформалаудың маңыздылығына назар аударды

Қазақстан басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін реформалаудың маңыздылығына назар аударды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін реформалаудың маңыздылығына назар аударды. Бұл туралы президент бүгін ашылған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның себеп салдарын жою мәселелерінде мемлекеттік басқару тиімділігінің мәселесі талқыланды. "Бұл мәселе бойынша көп сауалдар қордаланды ", - деп атап өтті Н.Назарбаев. "Жуырда ғана "Абай" шахтасында орын алған қасіретке куә болдық. Бұл Қарағанды бассейінінде бірінші рет болған жағдай емес. Сонымен қатар басқа елді мекендерде де оқиғалар болып, онда да адамдардан айырылып қалып отырмыз. Мұндай болмау керек. Жауапты ведомстволар мен тиісті адамдар бұған жауап беріп, жазаға тартылуы керек ", -деп атап өтті президент, отырысты ашқанда.

"Мемлекет басшысы төтенше жағдайларға төтеп беру саласын реформалаудың маңыздылығын атап өтіп, оның заманауи жағдайына бейімделуінің қажеттігін айтты. Оның қатарына заңдардың жетілдіруі де кіреді", - деп жазылған президенттің баспасөз қызметінің таратқан баспасөз хатында. "Төтенше жағдайларға дайындық мәселері бойынша БҰҰ институттары арасындағы қатынастарды кеңейтіп, Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің мүдделері үшін Қазақстанда халықаралық гуманитарлық көмек көрсету қоймаларын құру керек ", - деп жазылған баспасөз хатында.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуде мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеретін кешенді шаралар қарастырылған хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

Қауіпсіздік кеңесінде сондай-ақ, Қазақстанның қақтығыстар тоқтатылған Ауған Ислам Республикасының жайластыру мәселесі бойыншы ат салысуы талқыланды. Бұл мәселе бойынша ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин баяндама жасады.

"Талқылану кезінде айтылғанындай, халықаралық қоғамдастық тарапынан қабылданып жатқан тиімді шаралар арқылы бұл елдің жағдайы тұрақталып, жалпы барлық Орталық Азия аймағындағы ахуалға әсерін тигізеді. Менің пікірімше, Ауған елімен тиімді қатынастарды дамыту мақсатында, сауда-саттық, жер қойнауын пайдалану, халықаралық көлік және әуе жолдарының қатынастарын және екі жақты инвестицияларды қорғау сияқты шараларды қабылдау керек ", - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны