19.02.2015, 13:12 4059

Қазақстан ДСҰ-ға ену келіссөздерін 2015 жылдыӊ көктемінде аяқтайды

Қазақстанныӊ ДСҰ-ға ену үдерісі аяқталуға жақын, келіссөздер ағымдағы жылдыӊ сәуір-мамыр айларында өз мәресіне жетеді, деді ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ДСҰ-ға ену үдерісі аяқталуға жақын, келіссөздер ағымдағы жылдыӊ сәуір-мамыр айларында өз мәресіне жетеді, деді ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ДСҰ-ға ену туралы келіссөдер аяқталуға жақын. Өткен жылдыӊ негізгі қорытындысы Қазақстанныӊ ДСҰ-ға қосылуыныӊ Еуропалық Одақпен өткен екіжақты келіссөздерініӊ аяқталуы. Біз келісімге қол қойдық", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, осы сынды келіссөздер АҚШ-пен де жүзеге асқанын айтты. "Қазір белсенді келіссөздер АҚШ-тыӊ фитосанитарлық тәртіптері мен сауда өкілдіктерімен жүргізілуде", - деді ол.

Е.Досаевтыӊ айтуынша, сәуір-мамыр айларында аталмыш келіссөздерді тыӊғылықты аяқтау жоспарлануда. "Экономикалық интеграция министрі Айтжанова бүгін белсенді келіссөздер жүргізудіӊ ортасында жүр. Алматыда Еуропалық Одақтыӊ қосымша нормаларына сәйкес келіссөздер өтуде", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны