31.07.2012, 11:38 6601

Қазақстан экспортшылардың көлік шығындарын орнына келтіруді жоспарлап отыр

Отандық экспортшылардың көлік шығындарының 30% дейінгі көлемі "Экспортер-2020" бағдарламасы шеңберінде қайтарылатын болады, деп хабарлады "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда экспортшылардың көлік шығындарын орнына келтіру тұжырымдамасы әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отандық экспортшылардың көлік шығындарының 30% дейінгі көлемі "Экспортер-2020" бағдарламасы шеңберінде қайтарылатын болады, деп хабарлады "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция ұлттық агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Біз қазір экспортқа тауар шығарушылардың көлік шығындарын орнына келтіру механизмін ойластырудамыз, ол "Эскпортер-2020" бағдарламасы шеңберінде 30% дейінгі көлемде мемлекет есебінен жүзеге асырырады", - деді "Kaznex Invest" төрағасының орынбасары.

Мейіржан Майкеновтың айтуынша, тауардың пайдалы тартымдылығы, құрамына көлік шығындары да енетін бағажасамына да байланысты екендігін көрсетіп берген экспортшы кәсіпорындардың жұмысына жүргізілген талдаулардан кейін, осы механизмді әзірлеуге шешім қабылданыпты.

"Қазақстандық экспортшылар қазір көлік шығындарының өте жоғары болуына орай жиі қиындықтарға тап болуда. Жағдайды талдай келіп, біз көлік шығындары негізінде құрылатын бағажасам салдарынан қазақстандық тауарлардың көп жағдайда сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болмай шығатынын анықтадық. Осының кесірінен олар қазір жұмыс істеп тұрған өткізу нарығынан да айырылып қалуы мүмкін", - деп атап өтті М.Майкенов.

Бүгінгі күні экспортшылардың шығындарын орнына келтірудің 9 түрі бар, олардың арасында: өнімді/тауарлық белгіні тіркеу және өнімді сертификаттауды, отандық өнімді жарнамалауды, кәсіпорын қызметкерлерін оқытуды, франшиза тартуды, веб-сайттар құру мен ашуды, шетелдік нарықты маркетингтік зерттеуді атауға болады. Бұл шығындар бойынша орнына қайтару көлемі 50%. Аталған шығындар қазақстандық өндірушілердің экспорттіқ мәмілелерін сүйемелдеп отыратындықтан, кезеңдік болып табылады.

"Отандық экспортшылардың шығындарын орнына келтіру экспорт көлемін 30-50% арттыруға, сөйтіп Қазақстандағы экспортқа бейімделген өндірісті дамытуға ынталандырады", - деп қорытындылады сөзін Мейіржан Майкенов.

"Экспортер-2020" экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасы қазақстандық шикізат емес экспортты қаржылық және сервистік қолдау арқылы дамытуды және жылжытуды көздейді, бұл өз кезегінде экспортқа бейімделген кәсіпорындарға сыртқы нарықта өз орындарын иеленіп, экспорттық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны