17.10.2017, 17:44 4442

Қазақстан Елбасы Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасыныӊ президенті болып сайлануына байланысты құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасыныӊ Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасыныӊ Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтіӊ басшылығымен Қырғызстан өзініӊ қарқынды даму жолында жаӊа табыстарға жететініне сенім білдірді.

"Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздіӊ игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіӊізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны