01.03.2012, 15:21 3904

Қазақстан е-үкіметтің даму индексі бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы атанды

Қазақстан электрондық үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ рейтингінде әлемнің 190 мемлекетінің арасынан Орталық Азия елдерін артта қалдырып, 38-ші орынға шықты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан е-үкіметтің даму индексі бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан электрондық үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ рейтингінде әлемнің 190 мемлекетінің арасынан Орталық Азия елдерін артта қалдырып, 38-ші орынға шықты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

ҚР-дағы электрондық үкіметтің дамуы БҰҰ тарапынан жоғары бағаланды. БҰҰ-ның электрондық үкіметке жаһандық дайындық жөнінде жүргізетін жыл сайынғы рейтингісінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан 2010 жылғы 46-шы орыннан 36-шы орынға көтерілді.

Азия өңірі бойынша 2011 жылы Қазақстан осы көрсеткішке сәйкес, Малазия (8-ші орын) мен Сауд Арабиясын (9-шы орын) озып, 7-ші орынға шыққан. Орталық Азия елдері арасында біздің еліміз көш бастап тұр.

Айта кетейік, электрондық үкіметтің даму индексі онлайн-қызметтер, телекоммуникациялық инфрақұрылым және адам капиталының даму көрсеткіштерінен тұрады. Атап айтсақ, "онлайн-қызметтерді дамыту" индексі бойынша Қазақстан рейтингте 24-ші орынан 14-ші орынға шыққан. Осы көрсеткіш бойынша Ресей 26-шы, Малазия 13-ші орынға ие.

БҰҰ-ның есебінде қызметтер туралы заң, ережелер, ақпараттың қолжетімділігін бағалайтын, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын бағалайтын е-қатысу индексінің нәтижелері көрініс тапқан.

Бұл рейтингте Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 16 бағамға алға жылжып, Сингапурмен 2-ші орынды бөлісті. Бұл рейтингті Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Австралия, Эстония мен Германия сияқты елдер жалғастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны