27.07.2017, 19:37 3898

Қазақстан Еуропа бойынша Кодекс алиментариустыӊ үйлестірушісі болып тағайындалды

2017 жылғы 17-22 шілде аралығында Женевада Кодекс Алиментариус Комиссиясыныӊ 40-шы сессиясы өтті. Аталған сессиға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетініӊ Төрағасы - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 17-22 шілде аралығында Женевада Кодекс Алиментариус Комиссиясыныӊ 40-шы сессиясы өтті. Аталған сессиға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетініӊ Төрағасы - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

Аталған сессияда Қазақстан Республикасы 2018-2019 жылдарға Кодекс Алиментариус Комиссиясыныӊ Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіруші комитетініӊ төрағасы ретінде бірауыздан тағайындалды.

Қазақстан құрамына Еуропа өӊірі мен Орталық Азияныӊ 52 елі кіретін ФАО/ДДҰ-ныӊ Үйлестіруші комитетіне 2003 жылдан бастап мүше болып табылады.

Кодекстіӊ миссиясы тамақ өнімдерініӊ қауіпсіздігін және ғаламдық деӊгейде адал сауданы қамтамасыз ету, тамақ өнімдеріне арналған халықаралық стандарттарды және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудіӊ басшылыққа алынатын қағидаттарын әзірлеуден тұрады. Қабылданатын стандарттар тағамдық қоспалар үшін рұқсат етілген шекті көрсеткіштер немесе пестицидтердіӊ қалдық мөлшерлері туралы ережелерді әзірлеуден таӊбалауда тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді көрсету бойынша басшылық, тағам өнімдері гигиенасыныӊ және микробқа қарсы препараттарға қатысты орнықтылықтыӊ жалпы принциптерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқауларға дейін әзірлеуді қамтиды.

Еуропа бойынша ФАО/ДДҰ Үйлестіруші комитетіне төрағалық ету Қазақстанға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерініӊ тәжірибесі бойынша тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық стратегияны тиімді іске асыруға бірегей мүмкіндік алуға, бизнесті қолайлы жүргізу үшін тағам стандарттарын үйлестіруге және қолдануға, елдіӊ экспорттық әлеуетін арттыруға, отандық өнімдерді әлемдік нарыққа жылжытуға және халықаралық ғаламдық экономикаға интеграциялануға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 50 жылдан аса уақыт ішінде Кодекстіӊ мүше елдері халықаралық нарықтарда іске асырылатын тамақ өнімдерініӊ стандарттарын келісу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл стандарттар тұтынушылардыӊ қауіпсіздігін, қоғамдық денсаулық сақтауды жақсартуға және елдер арасындағы артық сауда кедергілерін қысқартуға мүмкіндік берді. Осындай бірлескен жұмыс елдерге Кодекс стандарттарымен кепілдік берілген сапалы және қауіпсіз тағам өнімін сатып алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, Алиментариус Кодексініӊ Комиссиясы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымыныӊ (ФАО (Food and Agriculture Organization, FAO))) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымыныӊ бірлескен үкіметаралық органы болып табылады және әлемніӊ 7 географиялық өӊірінен 188 мүше елді қамтиды.

Алты өӊірлік Үйлестіруші комитеттен (Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдері және Кариб өӊірі, Солтүстік Америка елдері) және жалпы мәселелер мен тауарлар бойынша 18 Комитеттен тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны