08.06.2012, 10:34 2934

Қазақстан халқы Ассамблеясы "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіруге атсалысады

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстан халқы Ассамблеясы "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы Ассамблеясы "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіруге атсалысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстан халқы Ассамблеясы "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды.

"Илеуметтік-экономикалық өсу мен қоғамдық келісімді нығайту әрдайым өзара байланысты және ажырамас үрдіс болатын. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы осы таза экономикалық шараға атсалысқалы отыр. Ұлттық бірлігіміз ел азаматтарының нақты экономикалық мүдделерінің негізінде, нақты істерінің айналасында қалыптасады. Ал "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіруге қатысу Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше жауапкершілік артады", - деп мәлімдеді Ассамблея Төрағасының орынбасары - Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Бірлескен жоспарға сәйкес, 98 ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, өңірлік ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев өз кезегінде, "Халықтық ІРО" бағдарламасын іске асыру мақсатында кандидат-компаниялар анықталғанын, сенімді құқықтық база жасалғанын, Қазақстанның Қор биржасы мен "Қазпочта" АҚ-ның инфрақұрылымдарын дайындау жұмыстары аяқталып қалғанын", -атап көрсетті.

Қазіргі уақытта барлық аймақтардағы ассамблеялар "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіруге жауапты тұлғаларды белгіледі, Ассамблея, ғылыми-сарапшылық топтары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері арасынан арнайы топтар дайындалып, арнайы лекторлар және Ұлттық банк, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау және т.с.с. мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың облыстық филиалдары мүшелерінің өкілдері тартылып отыр. Этно-мәдени бірлестіктер жетекшілерінің, ҚХА мүшелерінің сөздерін, сұхбаттарын, мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жоспарланып отыр.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы ассамблеясының, Астана қаласының этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелері үшін "Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша арнайы оқыту семинар-тренинг өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны