27.01.2014, 19:14 3033

"Қазақстан инжиниринг" ҰК делегациясы Мәскеуде әскери-техникалық ынтымақтастық мәселесін талқылайды

"Кездесу барысында Ресей Федерациясының бірқатар жетекшілерімен жүздесу өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов пен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуі жоспарланған", - делінген хабарламада.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. "Қазақстан инжиниринг" ҰК делегаты Мәскеуде РФ-ның басшылығымен әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылайды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Кездесу барысында Ресей Федерациясының бірқатар жетекшілерімен жүздесу өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов пен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуі жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ресейдің Федералды қызметінің әлеуметтік-техникалық ынтымақтастық директоры Александр Фомин және аталмыш қызметтің директор орынбасары Константин Бирюлинмен кездесу күн тәртібінде бар.

Қазақстандық делегация сондай-ақ, ресейлік қорғаныс-өндірістік кешенінің кәсіпкерлік өкілдерімен кездеседі. Сапар бағдарламасында "Ғылыми-өндірістік корпорация "Уралвагонзавод", ААҚ "КАМАЗ", ААҚ "Концерн ПВО "Алмаз - Антей", ААҚ "РОСНАНО", ГК "Ростех", " Ресей тікұшақтары" холдингімен жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны