30.09.2008, 11:55 2865

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы оқиғаға байланысты еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен және штаб бастықтары комитетінің басшылық құрамымен кездесуге Қазақстан президентінің кеңесшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов қорғаныс министрлігіне келді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Стратегиялық жоспардың тұсаукесерін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев жасап, әскери мекеменің алдағы үш жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін таныстырды", -деп нақтылайды мекеме.

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен әскери мекеме басшылығының кездесуі Кавказдағы грузин-осетин шиеленісінің барысы мен зардаптарына жасалған талдауды ескере отырып әскерлердің жауынгерлік дайындығын көтеру шараларын талқылаумен жалғасын тапты.

"Бұл тақырып бойынша қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Жаңасаев баяндама жасады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны