18.07.2008, 16:55 2544

Қазақстан мемлекет басшысы еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездесті

Қазақстан мемлекет басшысы еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездесті

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент "Базис-А" корпорациясы директорлары кеңесінің төрағасы Александр Беловичпен және "Қуат" корпорациясы директорлары кеңесінің төрағасы Олег Наммен кездесті.

"Еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жетекшілері Елбасына компаниялардың даму қарқыны, жылжымайтын мүлік нарығының даму ағымдары жайлы хабардар етті. Кездесуде экономиканың құрылыс саласының даму мәселелері, сондай-ақ, Астана мен Алматыдағы құрылыс ахуалы талқыланды", - делінген хабарламада.

"Базис-А" корпорациясының жетекшісі А. Белович кездесуден кейінгі брифинг барысында компанияда "үлескерлерге қатысты проблемалардың жоқ екенін" жеткізді. "Бүгінде жылжымайтын мүлік нарығы тұрақтана бастады, құрылыс саласының өсу ағымы байқалуда", -деді ол.

Өз кезегінде "Қуат" компаниясының басшысы О. Нам мемлекет басшысымен кездесу барысында Алматы мен Астанадағы құрылыс мәселелері, атап айтсақ, Елордасындағы "Гранд Алатау" және "Гранд Астана", Алматыдағы "Сайран" кешені мен басқа да нысандарға қатысты мәселе талқыланғанын атап өтті. "Кездесуде аталған нысандарды салып аяқтау мерзіміне қатысты мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысы нысандарды белгіленген мерзімде аяқтауға тапсырма берді", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны