21.04.2014, 21:45 3404

Қазақстан мен Изірбайжан қорғаныс министрлері әскери-техникалық ынтымақтастық жағдайын талқылады

Бүгін Изірбайжанда ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов сол елдің қорғаныс ведомствосының басшысы Закир Гасановпен кездесті.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Изірбайжанда ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов сол елдің қорғаныс ведомствосының басшысы Закир Гасановпен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

С. Ахметов қорғаныс саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін және оның тек ел үшін ғана емес, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сеп болатынын атап өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі әзірбайжандық әріптесін биылғы 22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін үшінші халықаралық "KADEX-2014" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. Ол, сондай-ақ З. Гасановты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Изірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы әскер-техникалық саладағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін және оны нығайту мен кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны