06.06.2014, 23:01 2310

Қазақстан мен БАИ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстанның Біріккен Араб Имірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Дубай қаласындағы Имірліктердің перспективалы ғылым және технологиялар институтында (EIAST) болды.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанның Біріккен Араб Имірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Дубай қаласындағы Имірліктердің перспективалы ғылым және технологиялар институтында (EIAST) болды.

Институттың Бас директоры Юсеф аш-Шейбани EIAST-тың негізгі мақсаты Имірліктерде ғылыми инновацияларды көтермелеу және техникалық прогресті дамыту, ғарыш саласындағы жергілікті мамандардың тобын құру болып табылатынын мәлім етті, деп сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Атап айтқанда, 2009 жылы Институт Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші "Dubai Sat-1" ғарыш серігін ойдағыдай ұшырды. Ғарыш серігінен алынған көріністер халықаралық ұйымдармен Пәкістандағы су тасқынының және Жапониядағы цунамидің зардаптарын жою үшін пайдаланылды. Ғарыштан жасалған фотосуреттер сондай-ақ жағалық аймақтағы топырақ эрозиясын және балдырлардың таралуын бақылауға көмектесті. Екінші "Dubai Sat-2" ғарыш серігі 2013 жылы қараша айында ұшырылды. Қазіргі уақытта EIAST БАИ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Ил Нахаянның құрметіне аталған жаңа ұлттық инновациялық "Khalifa Sat" серігін жасақтауда. Жерді қашықтан барлайтын салмағы 330 кг жаңа серік орбитаға 2017 жылы ұшырылады.

Сұхбат кезінде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф EIAST басшылығын жергілікті адам ресуртарын дамыту және аса заманауи инфрақұрылым мен технологияларды, оның ішінде - ғарыштық ғылымды инвестициялаудағы мол табыстарымен құттықтады. Осы ретте, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен Имірліктердің перспективалы ғылым және технологиялар институты арасында 2011 жылғы қарашада Дубай қаласында қол қойылған Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде ғарыш саласындағы қазақстан-әмірліктер ықпалдастығының негізгі бағыттары белгіленгенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны