14.05.2010, 12:41 3074

Қазақстан мен Болгарияның Бас прокуратуралары екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Болгарияның Бас прокуратуралары екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Болгарияның Бас прокуратуралары екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Болгарияның астанасы София қаласында 13 мамырда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми осы республиканың Бас прокуроры Борис Велчевпен кездесіп, оның барысында екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл келісім екі ел прокуратураларының қылмыспен, оның ішінде оның ұйымдасқан түрлерімен, лаңкестікпен, сыбайлас жемқорлықпен, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен, адам, қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттарымен, экономика және жоғары технологиялар саласындағы қылмыстар және қоғам үшін жоғары қауіп туғызатын қылмыстың басқа да түрлерімен күресті ұймдастырудағы ынтымақтастығын қарастырады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Болгария прокуратурасы адамдар мен азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында ақпараттармен алмасып, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беруде өзара әрекет жасасып, құқықтық проблемалар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыратын болады.

Сондай-ақ, Қайрат Мәмидің жұмыс сапары барысында Болгария Республикасы Жоғары кассациялық сотының төрағасы Лазар Груевпен және Сот төрелігінің министрі Маргарита Поповамен кездесулер өтіп, тараптар мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, ақпараттар алмасуды, адамдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы озық әдістемелерді зерделеудегі әрекеттестікті одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін құқықтық жүйелер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы да көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны