07.12.2011, 16:14 3350

Қазақстан мен Грузияның премьерлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстан Грузия экономикасына инвестиция құюды жалғастырады.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Грузияның премьерлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елімізге жұмыс сапарымен келген Грузияның Премьер-Министрі Николас Гилауримен кездескеннен кейін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстан Грузия экономикасына инвестиция құюды жалғастырады.

Екі елдің саяси қарым-қатынастары жоғары деңгейде екендігін атап өткен К.Мәсімов: "Біз тағы бір мәрте Грузия экономикасын инвестициялауға қызығушылық танытып отырғандығымызды қуаттадық. Сонымен қатар қазақстандық жүктерді Изербайжан мен Грузия аумағы арқылы экспортқа шығару мүмкіндігін қарастырдық, өйткені олар өте маңызды", - деді.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, қазақстандық компаниялар Грузия экономикасындағы ірі инвесторларға айналып, айлақ бизнесі, газ тарату жүйесі, қонақ үй саласы сынды секторларда қарқынды жұмыс істеуде.

"Менің ойымша, бұл сапар біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін қосымша мүмкіндіктер береді", - деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны