10.07.2007, 15:14 2869

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары Бішкекте біріккен коммюникеге қол қояды

БІШКЕК. 10 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Бішкекке ресми сапары барысында ол Қырғызстандық әріптесі Алмазбек Атамбаевпен бірлескен коммюникеге қол қояды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, К.Мәсімов Қырғызстан астанасына 11-шілдеде А. Атамбаевтың шақыруымен келеді.

Сапар аясында Қазақстан үкімет басшысы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездеседі, сондай-ақ, екі ел үкімет басшыларының жүзбе-жүз кездесуі мен кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумына қатысады, онда екі елдің ресми және бизнес-делегациялары Қырғызстан Республикасы жағы ұсынатын келешегі бар экономикалық жобаларды қарайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны