23.06.2009, 15:17 2627

Қазақстан мен Қырғызстанның есірткіге қарсы күрес қызметтері трансұлттық қылмыстық топты жойды

Қазақстан мен Қырғызстанның есірткіге қарсы күрес қызметтері трансұлттық қылмыстық топты жойды

Бішкек. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның есірткінің таралуына қарсы күрес қызметтері өткен аптада бірлескен операцияның нәтижесінде трансұлттық қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстанның Есірткіні бақылау агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, трансұлттық қылмыстық топ Қазақстанның Ресеймен шекараласатын аумағында жойылды.

Мекеменің мәліметінше, топ ұзақ уақыт бойы Қырғызстан аумағын өткізу базасы ретінде пайдаланып, Ауғанстаннан "ауыр" есірткіні контрабандалық тасымалдаумен шұғылданған.

"Үйлесімді іс-қимылдың арқасында есірткі тасымалдаушы арнаны жолға қойған 49 жастағы Қырғызстан азаматы қолға түсті. Заңсыз айналымнан 15 килограмнан аса ауған героині алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Есірткіні Ресейне жіберуге дайындап жатқан, онда оның құны 1,5 млн доллардан асатын еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны