30.11.2007, 18:10 6439

Қазақстан мен Ливия бизнес саласындағы байланыстар мен өзара тауар айналымын арттырмақ ниетте

Қазақстан мен Ливия бизнес саласындағы байланыстар мен өзара тауар айналымын арттырмақ ниетте

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ливия бизнес саласындағы шарттарды кеңейтуге жол ашатын және елдер арасындағы сауда айналымын арттыратын шараларды күшейту мәселесінде бірыңғай пікірге тоқтады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Ливияның сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бүкілхалықтық комитетінің Азия істері жөніндегі хатшысы Мұхаммед Омар әл-Барранимен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы мен Ливия Жамахириясы арасындағы қарым-қатынастардың елеулі перспективалары мен мол мүмкіндіктерін атап өтті. "Қазақстан тауарлар мен өнімдердің үлкен ауқымын ұсына алады, соның ішінде металлургиялық, химиялық және өзге де өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері бар. Біздің елімізде шетелдік кәсіпкерлердің тиімді жұмыс жүргізуіне барынша қолайлы инвестициялық климат жасалған",- деді ҚР премьер-министрі.

Тараптар бірлескен қазақстан-ливия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының жұмыс барысын талқылады.

Олар соның нәтижесінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі белгіленіп отырған нақты перспективалар мен өзара түсіністікке қол жеткізілетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны