02.04.2018, 15:25 4348

Қазақстан мен Монғолия монополияға қарсы саясат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша 7-ші Қазақстан-Монғолия Үкіметаралық комиссиясыныӊ мәжілісі шеӊберінде 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан мен Монғолия арасында монополияға қарсы саясат саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша 7-ші Қазақстан-Монғолия Үкіметаралық комиссиясыныӊ мәжілісі шеӊберінде 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан мен Монғолия арасында монополияға қарсы саясат саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумға Қазақстан Республикасы тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігі атынан және Монғолия тарапынан Иділ бәсекелестік және тұтынушыларды қорғау ведомствосыныӊ басшысы Б. Лхагва қол қойды.

Меморандум шеӊберінде тараптар өз мемлекеттерініӊ монополияға қарсы заӊнамаларын бұзу туралы істерін қарау саласындағы, тауар нарықтарына талдау жүргізу саласындағы тәжірибелермен алмасуды, құжаттарды әзірлеуге және бәсекелестік саласындағы зерттеуге өзара іс-қимыл жасауды, халықаралық ұйымдар және шет ел ведомстволарымен өзара іс-қимыл тәжірибесіне кіретін халықаралық қызметтегі өзара іс-қимыл және тәжірибемен алмасуды және монополияға қарсы саясат саласындағы ғылыми және әдістемелік зерттеулер базасын дамытатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны