28.06.2016, 20:41 4429

Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеӊестерініӊ хатшылары Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі - Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Николай Патрушевтыӊ теӊ төрағалығымен Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеӊестерініӊ аппараттары арасында жоспарланған консультациялар өтті

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі - Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеӊесініӊ хатшысы Николай Патрушевтыӊ теӊ төрағалығымен Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеӊестерініӊ аппараттары арасында жоспарланған консультациялар өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға екі тараптыӊ тиісті мемлекеттік органдарыныӊ басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық терроризмге, діни экстремизм мен заӊсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы екі елдіӊ серіктестігін нығайту мәселелері қаралды.

Консультацияларға қатысушылар өӊірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалға баға беріп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, атап айтқанда, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Н.Ермекбаев, консультацияларды қорытындылай келе, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресейдіӊ құзыретті органдары арасында ақпарат алмасудыӊ маӊыздылығына, екі елдіӊ деӊгейлес мамандарыныӊ жұмыс бабындағы кездесулерініӊ өткізілуіне назар аударды. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей аумақтары арқылы есірткі трафигіне қарсы тиімді іс-қимыл жасау мақсатымен Есірткініӊ, психотроптық заттар мен олардыӊ прекурсорларыныӊ заӊсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өӊірлік ақпараттық үйлестіру орталығыныӊ қызметін жандандыра түсу ұсынылды.

Тараптар талқыланған жайттарды ескере келіп, бірлесе қабылданған шешімдерді іске асыру бағытында жасалуы тиіс алдағы нақты қадамдар жөнінде уағдаласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны