10.07.2013, 14:27 5309

Қазақстан мен Ресей Орал өзені алабының экожүйесі туралы келісімге 2013 жылдың күзінде қол қояды

Қазақстан мен Ресей арасындағы Орал трансшекаралық өзені алабының экологиялық жүйесін сақтау туралы келісімге 2013 жылдың күзінде қол қойылады, деп хабарлады ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей Орал өзені алабының экожүйесі туралы келісімге 2013 жылдың күзінде қол қояды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы Орал трансшекаралық өзені алабының экологиялық жүйесін сақтау туралы келісімге 2013 жылдың күзінде қол қойылады, деп хабарлады ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

"Бүгінгі дөңгелек үстелдің қортындысы бойынша біз екі жақтың ұсыныстарын қабылдап, дайындаламыз. Күзде Екатеринбургте қазіргі мәселелердің барлығын ескеріп жаңа келісімге қол қоямыз деп үміттенеміз", - деді ол.

Өз кезегінде, Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрлігінің халықаралық ынтымақтастығы департаментінің директоры Нуритдин Инамов атап өткендей, келісім жобасы жасалған және Қазақстан мен Ресейдің мүдделі мемлекеттік органдарымен келісімде жатыр.

"Оған қатысты жұмыс бұрыннан жүргізіліп келеді, мұндай маңызды құжат үшін бір жыл - аз. Біз Ресейде мүдделі министрліктердің бірқатар позицияларын алдық, енді оларды өңірлерге жібердік, қазақстандық әріптестер де осындай жұмыс жүргізуде", - деп хабарлады Н.Инамов.

"Бұл келісімге қол қою арқылы Орал бойынша ынтымақтастықтың қажетті құқықтық базасы құрылады. Комиссия толығымен қалыптастырылып, қазіргі бар мәселелерді жүйелі негізде шешуге мүмкіндік беретін жұмыс топтары құрылады деп есептейміз", - деп қортындылады Ресей ведомствосының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны