07.02.2008, 19:17 2791

Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді

Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше түнде Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм ақ-сары түсті зат (героин тәріздес) тәркіленді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қостанай облысының "Ақбөлшек-авто" шекара бақылау бөлімінің шекарашылары жеке меншік көлігімен Ресейге бет алған Қазақстан азаматын ұстаған.

"Қызметтік итті пайдаланып, көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 19 кг ақ-сары түсті зат (болжам бойынша героин) оралған 36 полиэтилен дорба табылды",- деп хабарлады баспасөз қызметі. Қостанай облысының кедендік бақылау департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері аталмыш затқа сараптама жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны