30.03.2010, 16:06 2966

Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері наурызда бірлескен іс-шараның нәтижесінде 306 килограмм ауыр есірткі түрлерін тәркіледі

Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері наурызда бірлескен іс-шараның нәтижесінде 306 килограмм ауыр есірткі түрлерін тәркіледі

Астана. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері наурызда бірлескен іс-шараның нәтижесінде 306 килограмм ауыр есірткі түрлерін тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ресейдің арнаулы қызметтерімен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз айында көп кезеңнен құралған "Торнадо" операциясын аяқтады, соның нәтижесінде халықаралық есірткі сатушы қоғамдастықтың қылмыстық іс-қызметіне тосқауыл қойылып, апиын мен героиннің аса ірі партияларының контрабандалық жеткізілімдері жойылды. Осынау арнаулы іс-шараның барысында Қазақстан мен Ресей аумағында 306 килограмм ауыр есірткі түрлері тәркіленді", - делінген хабарламада.

"Ағымдағы жылдың ақпан айында осынау есірткілік құрылымның жетекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының К есімді азаматы ұсталып, оның үстінен ҰҚК бірқатар қылмыстық істер қозғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұған қоса, ҰҚК ақпаратына сәйкес, "ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстан Республикасының арнаулы қызметтерімен бірлесе отырып, Ташкент-Қостанай бағытында халықаралық бақылаудағы есірткі жеткізілімі жүзеге асырылды".

"Қостанай қаласында трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың ұйымдастырушысы болып табылатын Тәжікстан азаматы Р. ұсталды. Есірткі тасушы Қазақстанда героин сату және оның бір бөлігін одан әрі Ресейге жеткізуге бағытталған қылмыстық әрекетті іске асыра алмай қалды. Ұсталғаннан 107 килограмм шикі апиын мен 18,5 килограмм героин тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Іске асырылған операциялардың нәтижесі Ресей, Қазақстан мен Өзбекстанның арнаулы қызметтері арасындағы халықаралық есірткі тасымалына қарсы жоғарғы деңгейдегі ықпалдастықты паш етті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны