12.10.2012, 09:21 3026

Қазақстан мен Түркия 2016 жылға дейінге бірлескен экономикалық бағдарламаның іс-шара жоспарына қол қойды

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Анкара. 12-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Кеңестің бірінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Президенттерінің қолдауымен "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Түркия Республикасы Мемлекеттік қызметі директораты арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны