24.05.2010, 10:09 1715

Қазақстан мен Түркия мемлекет басшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Түркия мемлекет басшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының шақыруымен кеше, 23 мамырда Қазақстанға Түркия Республикасының президенті Абдуллаһ Гүл ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия президентін Шымкент әуежайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.

Мемлекет басшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Екі ел басшылары бүгін Түркістан қаласына барады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қ.А.Яссауи кесенесінде болады.

Түркия президентінің ресми сапары одан әрі Қазақстанның елордасы Астана қаласында жалғасады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сондай-ақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласында Даңқ мемориалын аралап көрді.

Мемориалда ардагерлермен және қала жұртшылығымен кездескен Елбасы өз сөзінде "Сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосқан майдангерлердің ерлігі - ұрпаққа үлгі. Тәуелсіздігімізді қастерлеу, елдігімізді ұлықтау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жасалған мұндай шаралардың маңызы айрықша" деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы №86 қазақ орта мектебін ашты. Елбасы үздік заманауи технологиямен жабдықталған мектепті аралап, білім ордасының ұжымы мен шәкірттеріне табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны