16.09.2016, 13:20 4612

Қазақстан мен Вьетнамныӊ Ұлттық музейлері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ханой қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейініӊ директоры Дархан Мыӊбай мен Вьетнам тарихы Ұлттық музейініӊ директоры Нгуен Ван Куонг екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ханой қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейініӊ директоры Дархан Мыӊбай мен Вьетнам тарихы Ұлттық музейініӊ директоры Нгуен Ван Куонг екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық музейдіӊ баспасөз қызметі.

Меморандумныӊ негізгі мақсаты - мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату, сондай-ақ екі елдіӊ музейлері арасындағы ғылыми және іскерлік байланысты дамыту. Қос тараптыӊ да уағдаластық жасауға өзара мүдделілігін ескере отырып дайындалған меморандум 7 баптан тұрады.

Онда ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру жобаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысу және өткізу, бірлескен көрмелер, жарияланымдар ұйымдастыру төӊірегіндегі мәселелер қарастырылған. Аталған меморандумға қол қою арқылы екі тарап өз қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыру мақсатында мамандармен алмасып, ғылыми құжаттар мен экспонаттардыӊ, коллекциялардыӊ көшірмесін жасап өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік алады.

Екі ел музейлерініӊ басшылары маӊызды деген тақырыптарды ғылыми игеруге байланысты жобаларға ерекше басымдық беруге уағдаласты. Алдағы уақытта ынтымақтастықтыӊ өзге де бағыттары мен тақырыптар тізбегі нақтыланып, екі жақты келісім бойынша толықтырылып отырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны