30.07.2015, 12:00 3454

Қазақстан мұнай өнімдерін ЕАЭО шегінен тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салды

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін ЕАЭО аумағы кеден шекарасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салды. Бұл туралы ведомство басшысыныӊ 2015 жылғы 26 маусымдағы №437 тиісті бұйрығы ресми БАҚ-та жарияланды

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін ЕАЭО аумағы кеден шекарасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салды. Бұл туралы ведомство басшысыныӊ 2015 жылғы 26 маусымдағы №437 тиісті бұйрығы ресми БАҚ-та жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттыӊ 10-бөлімініӊ 7-ші қосымшасына және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметініӊ арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ мұнай өнімдері ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаныӊ өсімін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтыӊ кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеӊіл дистиляттарды (СЭҚ ТН КЭО коды 2710 12), орташа дистиляттарды, керосинді, газойлдарды, дизель отынын (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 19 110 0 - 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және өзге мұнай өнімдерін (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізуді бұйырамын", - делінген құжат мәтінінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны