08.06.2009, 10:16 1556

Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі күшейте беруге дайын - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі күшейте беруге дайын - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обаманың Каир университетіндегі сөзіне байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан басшысы президент Обама Каирде сөйлеген сөзі арқылы өзінің мұсылман әлемімен татуласуға және өзара түсіністік орнатуға ұмтылатынын паш еткенін қадап айтты.

"Мені АҚШ президентінің осындай сындарлы ұстанымы жігерлендіреді және Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі күшейте беруге дайын", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қорқыту мен зорлыққа арқа сүйейтін мемлекет басшысы мен қауіпсіз, еркін және гүлденуші әлемді құруға өз үлесін қосуға дайын ойламды басшының арасы жер мен көктей. Президент Обама өз сөзінде өзінің осы айырмашылықты жақсы сезінетінін анық білдірді, сондықтан да мен оның бірлескен іс-қимылға шақыруын зор жігермен қабылдаймын", - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны