23.06.2009, 14:56 3512

Қазақстан парламенті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

Қазақстан парламенті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін депутаттар Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті, деп хабарлайды агенттігі.

Парламент палаталарының қаулысында атап көрсетілгеніндей, депутаттардың ескертулерінен қорытынды шығару үшін Үкіметтің республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде макроэкономикалық көрсеткіштерді болжаудың және бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдап, тиісінше жауаптылықты көздегені; бюджет қаражатын тиімді әрі негізді пайдаланудың дәл әрі нақты критерийлерін дайындап, айқындағаны; нысаналы трансферттерді, Үкімет резервінің қаражатын жоспарлаудың және оларды бөлудің нақты тетігі мен критерийлерін әзірлегені, сондай-ақ нысаналы трансферттердің тиімді және толық игерілуіне бақылауды қамтамасыз еткені орынды.

Сонымен қатар республикалық бюджет қаражатын нысаналы және тиімді пайдалануға уақтылы бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық тәртіп бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргізетін Есеп комитетінің рөлін атап өту қажет.

Есеп комитетінің есебінде 2008 жылғы республикалық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуының сандық әрі сапалық көрсеткіштеріне баға беріліп, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасалды. Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша бақылау объектілерінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.

Дегенмен, Есеп комитетінің есебі өзінің құрылымы жағынан Бюджет кодексінде көзделгендей Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебіне толықтай қорытынды болып табылудың орнына, жасалған жұмыс туралы жеке есеп екендігін атап өткен жөн.

Бұл ретте Есеп комитетінің болашақта есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабында көзделген мемлекеттік қаржылық бақылау туралы талаптарды сақтағаны жөн, делінген қаулыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны